jitsu gif
Спорт

    "Ауруханадан шықтым": Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы ауруханадан шыққанын айтып, уайымдап жатқан жандарға алғысын білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалған еді. Оның жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичке қарсы 14 шілдеге жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды.

    "Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын.

    Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!", - деп Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    Осыған дейін Жәнібек Әлімханұлының командасы боксшының қазіргі жағдайы туралы айтқан еді.

    "Ауруханадан шықтым": Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.