jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ширек финалына шықты

    Боксшы Дулат Бекбауов
    Боксшы Дулат Бекбауов. Фото: olympic.kz

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Дулат Бекбауов Таиландағы Азия чемпионатының ширек финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 30 қарашада басталған Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасынан бірінші болып шаршы алаңға Дулат Бекбауов шықты. Ол 67 кг салмақ дәрежесінде тайпейлік Джиа-Джун Чиуан Вангпен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Бекбауовтың ендігі жекпе жегі 4 желтоқсанда өтеді. Оның қарсыласы бүгін Малайзия-Жапония боксшыларының кездесуінен соң анықталады.

    Еске салайық, Қазақстан ерлер құрамасы боксшыларының Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болған еді. Сондай-ақ әйелдер командасы спортшылары да бірінші жекпе-жегін кіммен өткізетіні анықталды.

    Алғашында бокстан Азия біріншілігі Иордания астанасы – Амманда болуға тиіс еді. Алайда өңірдегі қауіпсіздік мәселесі ескеріліп, чемпионат Таиландқа ауыстырылды. Осылайша, Таиланд Корольдігі 1963 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бокстан Азия чемпионатын өз тарихында 9-мәрте қабылдап отыр.

    Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.