jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бокстан Азия чемпионаты: Ерасыл Жақпеков қырғыз спортшысын жеңіп, жартылай финалға өтті

    Ерасыл Жақпеков
    Ерасыл Жақпеков. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ерасыл Жақпеков жарысты бірден ширек финалдан бастады. Оның алғашқы қарсыласы қырғызстандық Сағын Сатыбалдыұлы болды. 80 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақ боксшысы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (5:0).

    Осыған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасының тағы бір мүшесі Бейбарыс Жексен 1/4 финалда тәжікстандық Акмал Убайдовтан жеңіліп, жарысты аяқтаған еді. Ал бүгін қазақстандық боксшылардан алғаш болып шаршы алаңға көтерілген Оразбек Асылқұлов таиландтық Пануват Чожан-Аттан басым түсіп, жартылай финалға шықты.

    Бүгін, 5 желтоқсанда Қазақстан әйелдер құрамасының боксшылары да жарыс алаңына шығады. Жазира Орақбаева тайбэйлік Луо Ю Тинмен, Ұлжан Сәрсенбек вьетнамдық Нгуен Хуен Чанмен және Виктория Графеева тайбэйлік Е Чен-Сюаньмен қолғап түйістіреді.

    Бокстан Азия чемпионаты: Ерасыл Жақпеков қырғыз спортшысын жеңіп, жартылай финалға өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.