jitsu gif
Спорт

    Тағы екі қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі

    Диана Мағауияева
    Диана Мағауияева. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Қазақстан әйелдер құрамасының боксшылары Милана Сафронова мен Диана Мағауияева Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп, қола жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Милана Сафронова 66 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Париж Олимпиадасының ширек финалисі Навбахор Хамидовамен (Өзбекстан) кездесіп, 4:0 есебімен жеңіліп қалды.

    Ал Диана Мағауияева 75 кг салмақтағы жартылай финалда Қытай спортшысы Лина Вангпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

    Осыған дейін Жазира Орақбаева мен Ұлжан Сәрсенбек жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған еді. Сондай-ақ бес балалы ана Әйгерім Сәттібаева да қола медаль еншіледі.

    Бұдан бөлек Виктория Графеева мен Аида Әбікеева Таиландтағы Азия чемпионатының финалына шыққан болатын. Наталья Богданова да сары құрлық додасының алтынына таласатын болды.

    Тағы екі қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.