jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Оразбек Асылқұлов тартысты кездесуде өзбек боксшысына есе жіберіп, күміс медаль еншіледі

    Оразбек Асылқұлов
    Оразбек Асылқұлов. Фото: Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

    Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұлов Таиландтағы Азия чемпионатының финалында күш сынасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Оразбек Асылқұлов 57 кг салмақ дәрежесіндегі финалдық кездесуде өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы (0:5) есебімен қарсыласына есе жіберіп қойды.

    Оразбек Асылқұлов Таиландтағы Азия чемпионатының 1/8 финалында малайзиялық Зульхайлан Мохамадты, ширек финалда таиландтық Фануват Чуджанатты, жартылай финалда моңғолиялық Лунда Гантумурді жеңген болатын.

    Еске сала кетейік, бұған дейін 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Санжар Тәшкенбай күміс медаль еншілесе, 54 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды.

    Оразбек Асылқұлов тартысты кездесуде өзбек боксшысына есе жіберіп, күміс медаль еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.