jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бокстан Өзбекстан чемпионатында екі этникалық қазақ чемпион атанды

    Боксшы Руслан Абдуллаев
    Боксшы Руслан Абдуллаев. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Ташкентте бокстан Өзбекстан чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста екі этникалық қазақ жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Sports.kz сайтының жазуынша, 60 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Мадияр Данияров чемпион болған. Ол финалдық бәсекеде Шохрух Абдумаликовтан басым түскен.

    63,5 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде әлем және Азия чемпионы Руслан Абдуллаев топ жарған. Боксшы Адхамжон Мухиддиновтен айласын асырған.

    Сондай-ақ тағы екі этникалық қазақ – Мадияр Сайдрахимов (92 кг дейінгі салмақ дәрежесі) пен Арман Маханов (+92 кг) биылғы чемпионаттың күміс жүлдегерлері атанған.

    Massaget.kz сайтының мәліметінше, Саят Ілиясов (54 кг) пен Сабыржан Тастанов (63,5 кг) қола жүлде алған.  

    Жалпы биылғы Өзбекстан чемпионатына 15 этникалық қазақ боксшысы қатысқан.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін World Boxing ұйымы 2025 жылғы Азия чемпионаттары өтетін күндерді бекіткен болатын.

    Сондай-ақ осы ұйым ұйымдастыратын бокстан әлем кубогының екінші кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда өтеді.

    Бокстан Өзбекстан чемпионатында екі этникалық қазақ чемпион атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.