jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Белград жеңімпазы": Сербиядағы турнирге қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды

    Боксшылар қолғаб түйістіріп жатыр
    Боксшылар қолғаб түйістіріп жатыр. Иллюстрациялық фото: Glasshouse Images / Getty Images

    4-10 ақпан аралығында Сербияда өтетін "Белград жеңімпазы" бәсекесіне қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Федерацияның мәліметінше, 62-рет өтетін турнир Еуропадағы тарихы ең бай жарыс болып саналады. Оған келесі қазақ боксшылары қатысады:

    • 48 келі: Нұрғиса Тұрабеков;
    • 51 келі: Рамазан Нұрлыбаев;
    • 54 келі: Бексұлтан Боранбек, Нұрсұлтан Алтынбек, Кенже Мұратұлы;
    • 57 келі: Жансері Көшербаев;
    • 63.5 келі: Бекзат Макжан;
    • 67 келі: Илья Калинин, Нұрбек Мурсал;
    • 71 келі: Өнер Сейілхан;
    • 75 келі: Бақберген Алиасқаров, Санжарәлі Бегалиев;
    • 80 келі: Ильяр Аширов;
    • 86 келі: Дәурен Мамыр;
    • +92 келі: Нұрасыл Асылхан.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялаған еді. Онда бокстан әлем кубогының екінші кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда өтетіні айтылған.

    Сондай-ақ ұйым 2025 жылғы Азия чемпионаттары өтетін күндерді бекіткен болатын.

    "Белград жеңімпазы": Сербиядағы турнирге қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.