jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Күрестен әлем чемпионаты: Болат Сақаев украиналық балуанға есе жіберіп, жүлдесіз қалды

    Болат Сақаев кілемде
    Болат Сақаев. Фото: uww.org

    Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық Болат Сақаев бесінші орын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    79 келі салмақта сынға түскен Болат Сақаев турнирдің қола жүлдесіне таласу мүмкіндігін алған болатын.

    Өкінішке қарай, кіші финалда қазақ балуаны украиналық қарсыласына 1:3 есебімен жол берді.

    Айта кетелік, Болат Сақаев биылғы Азия чемпионы.

    Күрестен әлем чемпионатында Қазақстан әзірге бір қола медаль еншіледі. 86 келідегі Азамат Дәулетбеков қатарынан екінші рет қола жүлдегер атанған болатын.

    Сондай-ақ бүгін 92 келідегі Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының алтынына таласады.

    Күрестен әлем чемпионаты: Болат Сақаев украиналық балуанға есе жіберіп, жүлдесіз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.