Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты: Нұрсұлтан Тұрсынов жартылай финалға өтті

Опубликовано:

Нұрсұлтан Тұрсынов
Нұрсұлтан Тұрсынов. Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Тұрсынов 87 салмақ дәрежесінде үш жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде де жеңіске жетті. Отандасымыз алдымен италиялық Мирко Мигуцииді (5:2) тізе бүктіріп, кейін кореялық Сан Гйок Пакты (6:1) және ирандық Насер Ализадені (9:4) жеңді.

Қазақстандық балуан жартылай финалда туркиялық Али Ченгизбен күреседі.

Жартылай финалдық жекпе-жектер бүгін, 23-қыркүйекте Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Айта кетейік, Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан финалда әзербайжандық балуан Осман Нурмагомедовті жеңіп, еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Оған қоса, әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық балуан жүлделі болды. Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сонымен қатар әйелдер арасында 72 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Жәмилә Бақбергенова да қола жүлдеге ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037840-kures-turlerinen-alem-cempionaty-nursultan-tursynov-zartylai-finalga-otti/

pixel