Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындары: Данияр Шамшаев пен Эсмигул Куюлова қола үшін күреседі

Опубликовано:

Данияр Шамшаев жарыс кезінде
Данияр Шамшаев жарыс кезінде. Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошылар Данияр Шамшаев пен Эcмигул Куюлова Азия ойындарының қола жүлдесі үшін күреседі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Данияр Шамшаев 72 салмақ дәрежесіндегі жұбаныш кездесуде жеңіске жетті. Ол қырғыз балуаны Шыңғысхан Сағыналиевті иппон әдісімен жеңіп, Азия ойындарының қола жүлдесі үшін күресу мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Эсмигул Куюлова да жарыстың қола жүлдесі үшін бақ сынайтын болады.

Азиаданың жұбаныш белдесуінде Киоми Ватанабені (Филиппин) белдесудің 13 секундында иппонмен жеңді.

Дзюдодан финалдық кезең Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін дзюдошы Мағжан Шамшадин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса дзюдодан ел намысын қорғаған Абиба Әбіжақынова Азиаданың күміс жүлдесіне ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037970-aziya-oiyndary-daniyar-samsaev-pen-esmigul-kuyulova-qola-usin-kuresedi/

pixel