jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Азиада-2023: қазақстандық спортшы ескек есуден үздік бестікке енді

    Владислав Яковлев жарыс кезінде
    Ескекші Владислав Яковлев. Фото: olympic.kz

    Азия ойындарында академиялық ескек есуден ерлер арасындағы жекелей жарыстың А финалы өтті. Ақтық сында қазақстандық Владислав Яковлев бесінші болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Академиялық ескек есуден өткен финалда бірінші орынды қытайлық Лианг Жанг алды. Оның көрсеткіші — 6 минут 57,06 секунд.

    Ал қазақстандық Владислав Яковлев бесінші болды. Оның көрсеткіші - 7:20.99.

    Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.

    Дзюдодан ел қоржынына екі медаль түсіп үлгерді. Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин қола жүлдесіне ие болды.

    Сондай-ақ қазақстандық мерген Никита Черюкин Азия ойындарының финалына жолдама алған болатын.

    Оған қоса қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин да Азия ойындарының финалына шыққанын хабарлаған болатынбыз.

    Азиада-2023: қазақстандық спортшы ескек есуден үздік бестікке енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram