Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындары: қазақстандық екі балуан қола жүлдеге таласады

Жарияланған күні:

Әлімхан Сыздықов Азия ойындарында
Әлімхан Сыздықов Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр. Бүгін екі қазақстандық балуан қола жүлде үшін күресетін болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Грек-рим күресінен қазақстандық спортшылар Ислам Умаев пен Әлімхан Сыздықов финалға өте алмады.

Умаев ирандық Мохаммадхади Саравиден жеңілсе, ал Сыздықов тағы бір ирандық, екі дүркін құрлық чемпионы Амин Мирзазадеге есе жіберді.

Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

Бүгін Азия ойындарында ел намысын қорғап жатқан үш спортшы финалға жолдама алды.

Нұржан Батырбеков Азия ойындарының жартылай финалында джиу-джитсудан 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері кореялық Чо Сон-хенді сабмишн әдісімен жеңіп, финалға шықты. Ақтық сында ол Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысымен кездеседі.

Сондай-ақ каратэден Қазақстан атынан шыққан Нұрқанат Әжіқанов жартылай финалда малайзиялық қарсыласынан басым түсіп, финалға өтті.

Оған қоса, қазақстандық каратэші Лаура Әліқұл әйелдер арасындағы жарыстың жартылай финалында индонезиялық қарсыласын тізе бүктіріп, ақтық сынға жолдама алды.

Қазір Қазақастан қоржынында 6 алтын, 12 күміс пен 35 қола медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2039695-aziya-oiyndary-qazaqstandyq-eki-baluan-qola-zuldege-talasady/