Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік 15 балуаны рейтингіне көтерілді

Опубликовано:

Нұрқанат Серікбаев
Нұрқанат Серікбаев. Фото: ijf.org

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өткен Grand Slam турниріндегі жеңісінен соң олимпиадалық рейтингте жоғарылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Нұрқанат Серікбаев (60 келі) Тбилисидегі жарыстың финалында Израиль өкілі Ям Волчакты жеңген еді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінде алтын медаль еншіледі. Бұл жеңісі үшін оған 1000 ұпай берілді. Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Серікбаев рейтингте 20-орыннан 12-орынға көтерілді. Бірақ Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтындағы рейтинг әлі жаңарған жоқ.

Айта кетейік, Нұрқанат 2023 жылы Өзбекстанда өткен Grand Slam турнирінде күміс, сол жылы Түркияда өткен тағы бір Grand Slam бәсекесінде қола медаль жеңіп алған еді.

Енді қазақстандық дзюдошы 29-31 наурызда Антальяда (Түркия) өтетін Grand Slam жарысында бақ сынайды. Бұл турнирге қазақстандық 20 дзюдошы (9 ер, 11 әйел) аттанбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2074002-qazaqstandyq-dzyudosy-alemnin-uzdik-15-baluany-reitingine-koterildi/

pixel