jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық екі балуан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

    Азамат Дәулетбеков
    Азамат Дәулетбеков. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Асыл Айтақын мен Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының жартылай финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    61 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Асыл Айтақын ширек финалда моңғолиялық балуан Енкхбол Енхбатты 11:0 есебімен жеңді. Ал 86 кг салмақтағы Азамат Дәулетбеков Иран өкілі Хади Бахтияр Вавифурдан 3:1 есебімен басым түсті.

    Еске салайық, кеше, 10 сәуірде Қазақстан құрамасының қоржынына күрестен Азия чемпионатының 2 жүлдесі түсті. Еркін күрестен 57 кг салмақтағы Мейрамбек Қартбай қытайлық балуан Вею Лиді 7:2 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

    Ал Ризабек Айтмұхан (97 кг) финалдық кездесуде әлем және Азия чемпионы, Бахрейн өкілі Ахмед Тажудиновтен 4:2 есебімен жеңіліп, күміс жүлде еншіледі.

    Қазақстандық екі балуан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.