jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық дзюдошы мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды

    Бақытжан Әбдурахманов
    Бақытжан Әбдурахманов. Фото: ijf.org

    Қазақстандық дзюдошы Бақытжан Әбдурахманов Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлде еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    73 кг салмақта сынға түскен Бақытжан қола жүлдеге таласта ирландиядық Джошуа Гринді "ваззари" ұпайымен жеңді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің жүлдесіне ие болды.

    Кеше, 10 мамырда 48 кг салмақта бақ сынаған Ғалия Тынбаева алтын медаль жеңіп алып, Grand Slam турнирінің чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы атанды.

    Сондай-ақ 60 кг салмақтағы Елдос Сметов қола жүлде еншілеген болатын.

    Айта кетейік, Астанадағы Grand Slam турнирі – Париж Олимпиадасына ұпай беретін соңғы рейтингілік жарыс. Бірінші орынға – 1000, екінші орынға – 700, ал үшінші орынға – 500 ұпай беріледі.

    Қазақстандық дзюдошы мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.