Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойын өте тартысты өтті": Тоқаев Солтүстік Ирландия-Қазақстан матчынан алған әсерін бөлісті

Опубликовано:

Мемлекет басшысы және футболдан Қазақстан құрамасы
Мемлекет басшысы және футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram парақшасында футболдан Солтүстік Ирландияны жеңген Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жазба жариялады.

Мемлекет басшысы жазбасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты.

"Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйері үшін қуаныштымын.

Әсіресе "Астана жастары" мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты.

Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын", – деп жазды президент.

Айта кетейік, 10 қыркүйекте "Астана-Арена" стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті.

Осы жеңістен соң Қазақстан құрамасы топта 12 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға шықты.

Сондай-ақ Ұлттық құрама ойынын тамашалау үшін мемлекет басшысы мен боксшы Геннадий Головкин арнайы келді.

Қазақстан құрамасының жеңісінен соң Қасым-Жомарт Тоқаев киім ауыстыратын бөлмеге келіп, ойыншыларды құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2036039-oiyn-ote-tartysty-otti-toqaev-soltustik-irlandiya-qazaqstan-matcynan-algan-aserin-bolisti/

pixel