Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Финляндия - Қазақстан матчы бір минут үнсіздікпен басталады

Опубликовано:

Футболдан Қазақстан құрамасы
Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz

ЕВРО-2024 іріктеу кезеңі аясында өтетін Финляндия-Қазақстан матчы бір минут үнсіздікпен басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешім 16 қазандағы Бельгия мен Швеция құрамалары арасындағы матч алдында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты қабылданған.

Айта кетейік, 16 қазанда Брюссельде ЕURO-2024 іріктеу кезеңіндегі Бельгия мен Швеция матчы басталмас бұрын екі адам оққа ұшқан еді. Ел билігі мұны теракт деп бағалап, ойын өткізілмей қалды. Командалар бірінші таймды 1:1 есебімен аяқтап, содан кейін алаңға шықпай қойды.

Қаза тапқандар - Брюссельдегі матчқа өз елінің ұлттық құрамасын қолдау үшін келген Швеция азаматтары.

Швеция-Бельгия матчына келген 35 мыңға жуық адам оқиғадан кейін стадионда эвакуациялану үшін төрт сағат күтті.

17 қазанда Бельгияда швециялық жанкүйерлерге қарулы шабуыл жасаған ер адам оққа ұшып, көз жұмды. Полиция қызметкерлері ұстау операциясы кезінде оған оқ жаудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2041419-finlyandiya-qazaqstan-matcy-bir-minut-unsizdikpen-bastalady/

pixel