Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкім маған командада қал деді": Асхат Тағыберген түркиялық клубқа неге ауыспағанын айтты

Опубликовано:

Асхат Тағыберген және Бауыржан Исламхан
Бауыржан Исламхан және Асхат Тағыберген. Фото: fcordabasy.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген шетелдік клубтарға ауыспай неліктен "Ордабасы" командасында қалғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Qazaqstan арнасының Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Асхат Тағыбергенді Түркия және Венгрияның футбол клубтары шақырғанымен, "Ордабасы" сапында қалуды жөн санаған екен.

"Түркиядан бас тартқан жоқпын. "Ордабасымен" келісімшарт болды. Барлығын келісіп трансфер болайын деп жатқан еді. Шешім әкім мырзада (Шымкент қаласының әкімі – ред) болды. "Команда капитаны Асхатты жібермейміз. Келісімшарт бар. Бізде қалсын" деді.

Шымкент қаласына алғашқы чемпиондықты алып бергенімізге қуанамыз. Шымкенттік жанкүйерлер бізді өте қатты жақсы көрді. Сол махаббатты нәтижемен қайтарғымыз келді", – деді футболшы.

Асхат Тағыберген жарақат алғаннан кейін Қазақстан құрамасының соңғы ойындарына қатыса алмады. Десе де наурызда өтетін ойында намысты қолдан бермейтінін жеткізді.

"Қаңтар айындағы оқу-жаттығу жиындарына барамын. Жақсылап дайындалуға тырысамын. Намысты қолдан бермей, Еуропа чемпионатында ойнау арманымызды орындауға тырысамыз.

Словенияға қарсы ойынынан кейін бір сағат шешіну бөлмесінде отырдық. Ешкімде эмоция жоқ. Жүректе бір мұң. Әттеген-ай деген сәттер болды, бірақ өзімізді қолға алдық. Бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Бір отбасы болғандықтан қуанышта да, қайғыда да бірге болайық деп балдақпен жүрсем де жігіттерді қолдауға бардым", – Қазақстан құрамасының капитаны.

Еске салайық, Қазақстан футбол құрамасы мен "Ордабасы" футбол клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген "Шахтер" командасына қарсы матчта ауыр жарақат алып қалған болатын.

ЕУРО-2024 іріктеу турниріндегі үздік голдар тізімінде Асхат Тағыбергеннің де голы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2048444-akim-magan-komandada-qal-dedi-asxat-tagybergen-turkiyalyq-klubqa-nege-auyspaganyn-aitty/

pixel