jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал Мадридтің" 21 матчқа созылған жеңіліссіз сериясы аяқталды

    "Реал Мадрид" ойыншылары
    "Реал Мадрид" ойыншылары. Фото: Burak Akbulut/Anadolu via Getty Images

    Бүгін, 19 қаңтарда Испания кубогының 1/8 финалында мадридтік "Атлетико" мен "Реал" футбол клубтары кездесті. Ойын нәтижесі бойынша "Атлектико Мадрид" жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Карло Анчелоттидің шәкірттері соңғы 21 ойында жеңілмеген еді. Мадридтік "Реал" соңғы рет 2023 жылы қыркүйектің 25-і дәл осы "Атлетикоға" есе жіберді. Сол кездесу 3:1 есебімен Симеоненің шәкірттерінің пайдасына шешілген болатын.

    Ал кешегі матчтың негізігі уақытында командалар 2:2 есебімен тең түсті. "Атлетико Мадрид" сапынан Самуэл Лино (39) мен Альваро Мората (57) гол соқты. Ал команда голкипері Ян Облак автогол жіберіп, есепті қысқартты. "Реал Мадрид" сапынан Хоселу (82) қарсылас команда қақпасына гол соғып, ойынды экстра-таймдарға ұластырды.

    Қосымша уақытта Антуан Гризманның (100) және Родриго Рикельменің (119) соққан голы "Атлетикоға" жеңіс сыйлады. Осылайша "Атлетико Мадрид" ширек финалға жолдама алды. Олардың келесі қарсыласы жеребе арқылы анықталады.

    Өткен аптада "Атлетико" мен "Реал" Испания Суперкубогының бірінші жартылай финалында кездесіп, "Реал Мадрид" жеңіске жеткен еді.

    Сонымен қатар Испания кубогының ширек финалына "Барселона" футбол клубы да жолдама алды. Каталониялықтар 3:1 есебімен "Униостас де Саламанка" командасын жеңді.

    "Реал Мадридтің" 21 матчқа созылған жеңіліссіз сериясы аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.