jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойын кестесі жарияланды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы: kff.kz

    Футболдан Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы ойын кестесі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жеребе нәтижесі бойынша Норвегия, Словения, Аустрия командаларымен B лигасының 3-тобына түскен еді.

    Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі ойын кестесі (Астана уақыты бойынша):

    • 06.09.2024, 19:00 Қазақстан — Норвегия;
    • 09.09.2024, 23:45 Словения — Қазақстан;
    • 10.10.2024, 23:45 Аустрия — Қазақстан;
    • 13.10.2024, 18:00 Қазақстан — Словения;
    • 14.11.2024, 20:00 Қазақстан— Аустрия;
    • 17.11.2024, 22:00 Норвегия — Қазақстан.

    "Топ жеңімпазы автоматты түрде А лигасына көтеріледі. А лигасының топтарында үшінші және В лигасының топтарында екінші орын алған командалар, сондай-ақ В лигасы топтарында үшінші орын және С лигасы топтарында екінші орын алған жеңімпаздар көтерілу үшін бір-бірімен үйде және сырт алаңда плей-офф ойындарында кездеседі", – делінген Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтындағы ақпаратта.

    Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребе нәтижесі туралы пікірін айтты.

    Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойын кестесі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.