jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал Мадрид" футбол клубы Испания чемпионатындағы 36-жеңісін тойлады (видео)

    "Реал Мадрид" командасына Ла Лига кубогы табысталған сәт
    "Реал Мадрид" командасына Ла Лига кубогы табысталған сәт. Фото: realmadrid.com

    "Реал Мадрид" футбол клубына Испания чемпионатының (Ла Лига) кубогы табысталды. Команда жанкүйерлермен бірге жеңісті тойлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін, 12 мамырда "Реал Мадрид" командасына клубтың Мадридтегі базасында Ла Лиганың кубогы табысталды. Команда капитаны Начо Фернандес кубокты Испания футбол федерациясының президенті Педро Рочидің қолынан алды. Кейін жеңімпаздар трофейді жанкүйерлерге көрсетіп, "Сибелес" алаңында жеңісті тойлады.

    Еске салайық, "Реал Мадрид" 4 мамырда "Кадис" футбол клубын 3:0 есебімен ұтып, уақытынан бұрын Ла Лига чемпионы атанған еді. Бұл – команданың Испания чемпионатындағы 36-жеңісі.

    Айта кетейік, "Реал Мадрид" 9 мамырда "Баварияны" 2:1 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шыққан болатын. Енді ақтық сында мадридтік клуб "Боруссияға" қарсы ойнайды. Матч 1 маусымда Лондондағы "Уэмбли" алаңында өтеді.

    "Реал Мадрид" футбол клубы Испания чемпионатындағы 36-жеңісін тойлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.