Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лео Игита ресми түрде "Семей" футзал клубының ойыншысы атанды

Опубликовано:

Лео Игита
Лео Игита. Фото: instagram.com/leohiguita2

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Лео Игита "Семей" футзал клубына ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Семейдің" Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемнің 5 дүркін үздік қақпашысы Лео Игита қазақстандық футзал клубтарында 15 жылдан астам ойнап келеді. Ол 2016 жылы ұлттық құрама сапында УЕФА Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанса, 2021 жылы Әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетті.

Игита осыған дейін "Қайратта" ойнады. Бұл командада ол 13 жыл бойы өнер көрсетіп, 39 жүлде жеңіп алды. Оның ішінде екі рет УЕФА кубогын иеленіп, 5 рет әлемнің үздік қақпашысы атанды. Сондай-ақ мансабында Лео бразилиялық "Кабо Фрио" мен "Васко да Гама", қарағандылық "Тұлпар" және португалиялық "Белененсеш" командаларында ойнады.

Еске салайық, маусым айында Лео Игита "Астана" және "Ақтөбе" командаларының туы мен шарфын таптап, басы дауға қалған еді. Кейін ол видеоүндеу жолдап, жанкүйерлерден кешірім сұрады. Ал 20 маусымда спортшы "Қайрат" клубынан кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2127678-leo-igita-semei-futzal-klubynyng-oiynshysy-atandy/