Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футзал клубы мен Игита ресми мәлімдеме жасады (видео)

Опубликовано:

Лео Игита және оның командаластары
"Қайрат" футзал клубы. Фото: instagram.com/afckairat

"Астана" және "Ақтөбе" командаларының эмблемаларын басқаны үшін басы дауға қалған футзалшы Лео Игита жанкүйерлерден тағы да кешірім сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайрат" футзал клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының және алматылық "Қайрат" клубының ойыншысы Лео Игитаның басы дауға қалғанын жазған едік. Оның "Астана" және "Ақтөбе" командаларының туы мен шарфын таптаған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кейін осы әрекеті үшін Игита Instagram желісі арқылы жанкүйерлерден кешірім сұраған болатын. Енді спортшы көпшілікке видеоүндеу жолдады.

"Кеше Алматыдағы екінші финалдық ойыннан кейін футбол клубтарының атрибуттарына қатысты келеңсіз жағдай болғаны үшін шын жүректен өкініш білдіремін. Барша Қазақстандық футбол және футзал клубтары мен олардың жанкүйерлеріне, атап айтқанда "Ақтөбе" мен "Астана" футбол клубтарына құрметсіздік пен абайсыздық танытқанымыз үшін кешірім сұраймын. Біз мұндай оқиғаларға кез келген жағдайда жол беруге болмайтынын және тәрбиеге сыймайтын әрекеттердің болғанын мойындаймыз.

Мен 15 жылға жуық елімізде футзалдың дамығанын және ел футзалында қарсыластарға құрмет пен достық қарым-қатынас әрқашан үстем болғанын қалап келемін. Өзімнің атымнан және "Қайрат футзал" ұжымының атынан баршаңыздан кешірім сұраймыз!", - деді Лео Игита.

Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы алматылық "Қайрат" футзал командасының және Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игитаның қатысуымен болған жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2115144-qairat-futzal-kluby-men-igita-resmi-malimdeme-zhasady-video/