jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Челси" футбол клубы Алматыға қандай құраммен келді (фото)

    "Челси" футбол клубының ойыншысы
    "Челси" футбол клубының ойыншысы. Фото: x.com/ChelseaFC

    Англиялық "Челси" футбол клубының ойыншылары УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында "Астанаға" қарсы матч өткізу үшін Алматыға ұшып келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Алматыға сәтті қондық", - делінген "Челси" футбол клубының X желісіндегі ресми парақшасында.

    Айта кетейік, "Астана" – "Челси" ойыны бүгін, 12 желтоқсанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч сағат 20:30-да басталады. Англиялық клуб Instagram-дағы парақшасында алдағы ойынға арналған құрамын жариялады:

    • Қақпашылар: Филип Йоргенсен, Лукас Бергстрем, Макс Меррик;
    • Қорғаушылар: Аксель Дисаси, Тосин Адарабиойо, Ренату Вейга, Харрисон Мюррей-Кэмпбелл, Ричард Олисе, Джош Ачимпонг, Кайден Уилсон;
    • Жартылай қорғаушылар: Кирнан Дьюзбери-Холл, Сэмьюэл Рак-Саки, Харви Вейл, Киано Дайер, Карни Чуквуэмека;
    • Шабуылшылар: Педру Нету, Тайрик Джордж, Ато Ампа, Шумайра Мхеука, Марк Гиу.

    Еске салайық, Алматы әкімдігі өкілдері "Астана" – "Челси" матчына байланысты жанкүйерлерге үндеу жасаған еді. Сондай-ақ ойын күні Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшетіні хабарланды.

    "Челси" футбол клубы Алматыға қандай құраммен келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.