jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан футбол лигасының жаңа президенті сайланды

    Ерлан Жамантаев
    Ерлан Жамантаев. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Ерлан Жамантаев Қазақстан футбол лигасының (QFL) президенті болып сайланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ QFL ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталған шешім Лига мүшелерінің сырттай отырысында қабылданды. Дауыс берушілердің көпшілігі 50 жастағы Ерлан Жамантаевтың кандидатурасын мақұлдады.

    Ерлан Жамантаев бұрын кәсіби футболмен айналысып, "Ұшқын-Искра" атты жекеменшік клубтың жетекшісі, бас бапкері болды. Түрлі жылдары жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасын тізгіндеп, Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментін басқарды.

    Жамантаев 2021-2023 жылдары "Ақтөбе" футбол клубының басқарма төрағасы қызметін атқарып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Осыған дейін 2024 жылы Бірінші лиганың бес дүркін жеңімпазы атанған "Оқжетпес" ФК директоры болды. Сондай-ақ, ол "Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы" қауымдастығының бас хатшысы міндетін атқарады.

    Еске салайық, 2024 жылы 24 желтоқсанда Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кеткен еді. Ол Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

    Қазақстан футбол лигасының жаңа президенті сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.