Сауд Арабиясы футболдан әлем чемпионатының ойындарына билетті тегін тарата бастады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Сауд Арабиясының футбол федерациясы өзінің жанкүйерлеріне алдағы әлем чемпионатының матчтарына билеттерді тегін тарата бастады, деп хабарлайды РИА Спорт-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәліметінше, бұл туралы корольдіктің АҚШ-тағы елшілігі хабарлаған.
"Футболдан әлем чемпионатына дейінгі кері санақ басталды. Осыған байланысты Сауд Арабиясының футбол федерациясы ұлттық құраманың АҚШ-тағы жанкүйерлеріне тегін билеттер ұсынады. Бізден – билет, сізден – келіп ойынды тамашалау", - деп келтірді басылым дипломатиялық миссияның мәлімдемесін.
Басылымның шетелдік дереккөзге сілтеме жасап жазуынша, мұндай шешім ФИФА-ның әлем чемпионаты матчтарына көрермендер аз келе ме деп алаңдаушылығына байланысты қабылданған. Басылым осындай шаралар былтыр Америка Құрама Штаттарында өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатында да қолданылғанын мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі әлем чемпионатына баруға ниетті қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2383162-saud-arabiiasy-futboldan-alem-chempionatynyng-oiyndaryna-biletti-tegin-tarata-bastady/