Футболдан ӘЧ-2026: Жапония құрамасы Тунисті ойсырта ұтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияның ерлер құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Тунисті ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қарсыластар F тобының екінші турында кездесті. Матч Монтеррейге жақын орналасқан Мексиканың Гуадалупе қаласындағы "Би-Би-Ви-Эй" стадионында өтті.
Жапония құрамасы сапында шабуылшы Аясэ Уэда дубль орындаса (31, 83-минуттарда), жартылай қорғаушы Даити Камада (4-минутта) және шабуылшы Дзюня Ито (69) бір-бір голдан соқты. Нәтижесінде кездесу 4:0 есебімен жапондардың пайдасына шешілді.
Тунис құрамасы бүкіл матчта қарсылас қақпасына екі-ақ рет соққы бағыттағанымен, қақпаға дәл тигізе алмады.
Айта кетейік, бұл матчта Тунис құрамасын алаңға француз маманы Эрве Ренар бастап шықты. Ол бірінші турдағы ойыннан кейін қызметінен босатылған әріптесі, бас бапкер Сабри Ламушидің орнына келген болатын.
Қатарынан екі рет жеңіліп, ұпайсыз қалған Тунис қазір топта соңғы сатыда тұр. Төрт ұпаймен Жапония Нидерландтан кейін екінші орынға жайғасса, үш ұпайы бар Швеция үштікті түйіндеді.
- Футболдан ӘЧ-2026: Нидерланд құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңді (видео)
- Германия Кот-д'Ивуарды жеңіп, 2014 жылдан бері алғаш рет ӘЧ-тің плей-офф кезеңіне шықты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2391108-futboldan-ach-2026-zhaponiia-quramasy-tunisti-oisyrta-utty/