jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Месси тарихи рекорд орнатуы мүмкін: футболдан 22 маусымдағы ӘЧ кестесі

    футболшы Лионель Месси
    Футболшы Лионель Месси. Фото: Hakan Akgun/Anadolu via Getty Images

    Дүйсенбі, 22 маусымда Аргентина құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы екінші матчын өткізеді. KAZ.NUR.KZ назарларыңызға ойындар кестесін ұсынады.

    Таңғы сессияда G және H топтарының матчтары өтеді. Кешке J тобының уақытша көшбасшылары Аргентина мен Австрия кездеседі.

    Бұл кездесуде Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихында ең көп гол соққан жалғыз футболшы атануы мүмкін. Бірінші турдағы хет-триктен кейін ол неміс футболшысы Мирослав Клоземен көшбасшылықты бөлісіп тұр. Олардың әрқайсысы әлем біріншіліктерінде 16 гол соққан.

    Қазақстан уақыты бойынша 22 маусымға арналған матч кестесі:

    • 00:00 (21 маусымнан 22 маусымға қараған түні). Бельгия - Иран. G тобы, "Соу-Фай" стадионы, Инглвуд (АҚШ)
    • 03:00. Уругвай - Кабо-Верде. H тобы, "Хард Рок" стадионы, Майами Гарденс (АҚШ)
    • 06:00. Жаңа Зеландия - Мысыр. G тобы, "Би-Си Плейс" стадионы, Ванкувер (Канада)
    • 22:00. Аргентина - Австрия. J тобы, "Эй-Ти-энд-Ти" стадионы, Арлингтон (АҚШ)

    Бұл матчтың барлығын "Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram