jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Канвон-2024: қазақстандық хоккейшілер қола медаль жеңіп алды

    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы
    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы. Фото: instagram/olympickz/Нұрғали Жұмағазы

    Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Канвон-2024 қысқы Олимпиадаcында Қазақстан құрамасы 3x3 хоккейден қола медаль иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 25 қаңтарда Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесі үшін Аустрия командасына қарсы ойнап, 6:5 есебімен ұтты. Осылайша қазақстандық хоккейшілер ел қоржынына үшінші жүлдені салды.

    Еске салайық, Қазақстан хоккей құрамасы Канвон-2024 Олимпиадасындағы алғашқы ойынын Польшаға қарсы өткізіп, 18:8 есебімен жеңген болатын. Кейін Австриядан 9:8, Латвиядан 11:15, Даниядан 8:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Десе де топтық кезеңдегі төртінші ойында қазақстандық хоккейшілер Тайбэйді ұтты (14:2). Артынша Испания командасынан басым түсті (14:4).

    Жартылай финалда Қазақстан құрамасы турнир кестесінің көшбасшысы Латвия командасына қарсы ойнап, 19:6 есебімен ұтылып қалған еді.

    Қазір Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Осыған дейін шаңғымен тұғырдан секіру сайысында Илья Мизерных алтын медаль еншілесе, шорт-тректен 1000 метр қашықтыққа жүгіруден Полина Омельчук қола медаль жеңіп алған еді.

    Канвон-2024: қазақстандық хоккейшілер қола медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.