jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жалғас Жұмағұлов аяғына ота жасататынын айтты

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов аяғына ота жасатпақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жалғас Жұмағұловтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "8 наурызда ота жасатуға барамын. Жақында қатарға қосыламын, иншалла", – деп жазды қазақстандық файтер Instagram-дағы Stories-ке.

    Айта кетейік, 24 ақпанда Алматыда өткен Naiza 57 турнирінің басты жекпе-жегінде Жалғас Жұмағұлов АҚШ өкілі Кливленд Маклинпен кездескен еді. Жекпе-жек барысында қазақстандық файтер аяғын сындырып алды. Бірақ соған қарамастан белгіленген уақыт аяқталғанша өнер көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша 35 жастағы қазақстандық файтер мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді. Ал Кливленд Маклин 12-рет жеңіліс тапты.

    Жалғас Жұмағұлов жарақаттанған аяғын көрсетіп тұр
    Жалғас Жұмағұловтың Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/stories/zhumagulov_zhalgas

    Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов Naiza 57 турниріндегі жеңісінен кейін мәлімдеме жасаған еді.

    "Бұл жекпе-жек барлығы басымызда, яғни түпсанамызда, ауырсыну уақытша екенін және соңғы нүкте маңыздырақ екенін көрсетті! Кез келген салада жолын бастайтындарға үлгі болғым келеді. Оңай болмайды, бірақ қиындықтар арқылы нәтижесі тәтті болады!" , – деп жазды Жұмағұлов Instagram парақшасында.

    Жалғас Жұмағұлов аяғына ота жасататынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.