Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Титул үшін төбелесуі мүмкін": Шавкат Рахмоновтың менеджері тосын мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Sean M. Haffey/Getty Images

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов "Номадтың" UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Sport24: Культура бития" Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында аустралиялық файтер Джек Делла Маддалена UFC 299 турниріндегі жеңісінен кейін октагонда тұрып Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған еді. Рахмонов бұл шақыруға жауап қайтарды. Қазақстандық файтердің менеджері Саят Абдрахманов Мадделана мен Рахмоновтың кездесуі қаншалықты мүмкін екенін айтты.

"Маддаленамен жекпе-жекке шығу тек басқа атышулы файтерлермен күш сынасу қолжетімді болмағанда ғана мүмкін болады. Егер Колби Ковингтон мен Усман Шавкатпен жекпе-жекке шығуға келіспесе, тек Джек Делла Маддалена қалады. Сондай-ақ бәрі Леон Эдвардс пен Белал Мухаммадтың арасындағы бәсекеге байланысты. Егер олардың жекпе-жегі жақын арада өтетін болса және Шавкат жуырда октагонға шығуға дайын емес екенін ескерсек, онда бірден титул үшін жекпе-жек өткізуге болады. Мұндай нұсқаны мен де жоққа шығармаймын", – деді Абдрахманов.

Қазір UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде Шавкат Рахмонов үшінші, ал Джек Делла Маддалена бесінші орында тұр.

Еске салайық, Джек Делла Маддалена соңғы жекпе-жегінде қолын сындырып алғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2068056-titul-usin-tobelesui-mumkin-savkat-raxmonovtyn-menedzeri-tosyn-malimdeme-zasady/

pixel