Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC промоушенінен алатын гонорарын қайда жұмсайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sarbaz podcast Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қосымша жұмыс істеймін. Оны жасырмаймын. Өйткені бізге ешқандай қолдау жоқ. Жарнама арқылы қосымша табыс табамыз. Жалпы, айлығым өзіме жетеді. Соңғы жекпе-жегімнен кейін бір апта өткен соң қайтадан жұмысқа кірдім. UFC-дің бонусы жекпе-жектен кейін 2 ай өткенде түседі. Ал гонорарды алдым. Оны дәрумендер сатып алуға, жаттығуға, отбасыма көмектесуге, несиелерді төлеуге жұмсаймын", – деді Азат Мақсұм.
Еске салайық, Азат Мақсұм 3 ақпанда АҚШ-та өткен UFC Fight Night 235 турнирінде америкалық файтер Чарльз Джонсонмен жекпе-жекке шыққан еді. Үш раундтың қорытындысы бойынша Джонсон төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (29-28, 29-28, 29-28).
Бұл кездесу кардтың үздік жекпе-жегі деп танылып, екі файтерге де 50 000 доллар көлемінде ақшалай бонус тағайындалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2078729-zaqyndarymnyn-nesiesin-toleimin-azat-maqsum-ufc-den-algan-aqsasyn-qaida-zumsaganyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.