jitsu gif
Спорт

    Асу Алмабаевтан жеңілген файтер Азат Мақсұммен жекпе-жекке шығады

    Азат Мақсұм октагонда
    Азат Мақсұм октагонда. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұмның UFC промоушеніндегі келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ спорт менеджері Нұраддин Садықовтың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Азат Мақсұм 3 тамызда Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC Fight Night турнирінде америкалық Си Джей Вергарамен (12-5-1) кездеседі.

    Еске салайық, Си Джей Вергара 9 наурызда тағы бір қазақстандық файтер Асу Алмабаевпен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған еді. Вергараның активінде 12 жеңіс 5 жеңіліс бар. Бір жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен.

    Азат соңғы жекпе-жегін ақпанда өткізді. Ол UFC Fight Night 235 турнирінде америкалық файтер Чарльз Джонсонға есе жіберген болатын. Осылайша, қазақстандық жауынгер кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. Бұған дейін ол 17 мәрте қарсыластарынан басым түскен еді.

    Асу Алмабаевтан жеңілген файтер Азат Мақсұммен жекпе-жекке шығады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.