jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Шавкат та бар": Хабиб Нурмагомедов UFC чемпионының келесі қарсыласы туралы айтты

    Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов
    Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадтың келесі жекпе-жегі туралы пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Pound 4 Pound YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Хабиб Нурмагомедовтің пікірінше, UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадтың келесі қарсыласы нигериялық Камару Усман болуы керек.

    "Мен Белал мен Камарудың жекпе-жегін көргім келеді. Себебі Камару бұл жекпе-жекке лайық. Адамдар оған қатысты түрлі нәрсені айтуы мүмкін, бірақ Камару бұл кездесуге шығуға лайық.

    Әрине, бұл қатарда Шавкат та бар. Бірақ, менің ойымша, егер Камару Джек Делла Маддалена сияқты бір жігітті жеңсе, ол чемпиондық белбеу үшін таласқа түсе алады", - деді Хабиб Нурмагомедов.

    Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ Белал Мухаммад инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.

    Сол күні өткен UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген болатын. Осы кездесуден кейін Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Белал Мухаммадты октагонға шақырып, қос файтер көз түйістірген.

    "Шавкат та бар": Хабиб Нурмагомедов UFC чемпионының келесі қарсыласы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.