jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Көптеген балуан шетелге күнкөріс үшін кетеді": бас бапкер АҚШ-та қаза тапқан қазақ балуаны туралы пікір білдірді

    Мұхамбет Қуатбек
    Мұхамбет Қуатбек. Фото: instagram/bassportkz

    Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбектің көз жұмғанына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.

    "Бұл балуанның қазасы бәрімізге ауыр тиді. Ол ұлттық құрамада болмаған. Себебі, жастайынан күресті тастап кеткен. Нәпақа табу үшін Америка асқан екен.

    Иә, қазір көптеген балуан шетелге күнкөріс үшін кетуде. Америкаға не үшін кетеді? Әрине, күнкөріс үшін. Марқұм балуанның бапкері де спорттан бизнес саласына ауысқан", — деді Құрамысов.

    Еске салайық, марқұм Мұхамбет Қуатбек еркін күрестен 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанған еді. Сондай-ақ ол жасөспірімдер арасында Азия чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері болған.

    Мұхамбет Қуатбек наурыздың 16-сы АҚШ-та дүниеден озды. Қазіргі таңда спортшының денесін елге әкелу мәселесі талқыланып отыр.

    "Мұхамбет балуан 16 наурызда АҚШ-та көз жұмды. Ол соңғы екі жылда Филадельфияда тұрған. Оның неден қайтыс болғаны белгісіз. Қазіргі таңда балуанның денесін елге әкелу мәселесімен елшілік айналысып жатыр", - деді журналист Данияр Кәрімжан.

    Кейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандық балуан Мұхамбет Қуатбектің өліміне қатысты мәлімдеме жасағанын жазған едік.

    "Көптеген балуан шетелге күнкөріс үшін кетеді": бас бапкер АҚШ-та қаза тапқан қазақ балуаны туралы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.