Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар жартылай финалда қарсыласына есе жіберді. Отандасымыз енді қола жүлде үшін күреседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында тәжікстандық Соман Махмадбековке жол берді.
Отандасымыз енді қола жүлде үшін өзбекстандық Мусо Собировпен күреседі.
Айта кетейік, бұған дейін Абылайхан Жұбаназардың жартылай финалға шыққанын хабарлаған болатынбыз. Ол Бахрейн өкілі Аскерби Гербековті иппон әдісімен жеңген еді.
Сондай-ақ қазақстандық екі дзюдошы ел қоржынына медаль түсірді. Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин қола жүлдесіне ие болды.
Оған қоса бүгін, 25 қыркүйекте қазақстандық мерген Николай Черюкин Азия ойындарының қола жүлдегері атанып, елімізге үшінші жүлделі орынды сыйлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037999-aziya-oiyndary-abylaixan-zubanazar-qola-zuldege-talasady/