Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Николай Чирюкин нысана көздеуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Николай Чирюкин Азия ойындарында
Николай Чирюкин Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Николай Чирюкин нысана көздеуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық спортшы Николай Чирюкин нысана көздеуден Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, Николай Чирюкин жетінші орын алып, регламент бойынша финалға өтпеген болатын. Алайда іріктеуден үшінші орын алған қытайлық спортшы өтпей қалып, отандасымыз финалға жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық мерген Николай Чирюкиннің нысана көздеуден Азия ойындарының финалына шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ кеше, 24 қыркүйекте дзюдодан ел қоржынына екі медаль түсті. Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин қола жүлдесіне ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037994-nikolai-ciryukin-nysana-kozdeuden-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel