Ханжчоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық каратэші 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда индонезиялық Ари Сапутраны жеңіп кетті. Кездесу 12:3 есебімен отандасымыздың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Қайсар Алпысбай финалға жолдама алып, алтын үшін таласатын болады.
Кеше, 5 қазанда қазақстандық каратэшілер ел қоржынын бір алтын мен бір күміспен толықтырды.
75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов финалда Иордания өкілі Хасан Масарвехпен кездесті. Ақтық сында Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен уақытынан бұрын жеңіп, Азия ойындарының жеңімпазы атанды.
68 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған каратэші жарыс қожайыны қытайлық спортшыдан 0:4 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039820-karatesi-qaisar-alpysbai-aziya-oiyndarynyn-finalyna-syqty/