Каратэші Лаура Әліқұл Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды
Опубликовано:
Қазақстандық каратэші Лаура Әліқұл ел қоржынын тағы бір күміс медальмен толықтырды. Спортшы ақтық сында қытайлық қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
68 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған каратэші жарыс қожайыны қытайлық спортшыдан 0:4 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрқанат Әжіқановтың Азия ойындарының алтын жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ джиу-джитсудан 5 қазан күні ел қоржынына бір алтын, екі күміс медаль салынды
69 келіде бақ сынаған Нұржан Батырбеков финалдық сайыста екі дүркін Азия чемпионын жеңіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды .
62 келіде әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері Мансұр Хабибулла қола үшін өткен бәсекеде филиппиндік Марк Александер Лимді (Филиппин) 6:2 есебімен ұтты.
Сондай-ақ, 69 келі салмақта белдескен Алдияр Серік сингапурлық қарсыласын ұпай санымен жеңіп, Азия ойындарының қоласын жеңіп алды.
- Нұржан Батырбеков Азия ойындарының жеңімпазы атанды
- Азия ойындары: джиу-джитсудан ел қоржынына екінші қола жүлде түсті
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039740-karatesi-laura-aliqul-el-qorzynyna-kumis-zulde-saldy/