Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Куликов слаломда ескек есуден Азиаданың қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Александр Куликов
Александр Куликов. Фото: Adam Pretty/Getty Images

Қазақстандық спортшы Александр Куликов слаломда ескек есуден Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлер арасындағы жекелей сынның финалында отандасымыз үшінші орынды еншіледі. Тұғырдағы алғашқы екі орынды Қытай мен Өзбекстаннан келген ескекшілер иеленді.

Бүгін, 6 қазанда бірнеше қазақстандық спортшы Азия ойындарының финалына жолдама алды.

Каратэші Қайсар Алпысбай 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда индонезиялық Ари Сапутраны жеңіп, Азиаданың ақтық сынына шықты.

Сондай-ақ отандасымыз Жәмилә Бақбергенова құрлықтық доданың финалында алтын үшін күреседі.

Джиу-джитсудан ел намысын қорғап жатқан Галина Дуванова бірінші орын үшін үш дүркін чемпионы Анние Рамирезбен (Филиппин) күш сынасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039868-aleksandr-kulikov-slalomda-eskek-esuden-aziadanyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel