Галина Дуванова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Опубликовано:
Джиу-джитсудан бақ сынаған қазақстандық Галина Дуванова Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Отандасымыз ақтық сында Азияның үш дүркін чемпионы Анние Рамирезбен (Филиппин) күш сынасасты. Тартысты кездесу 0:2 есебімен филиппиндік спортшының жеңісімен аяқталды.
Бұл - қазақстандық джиу-джитсу шеберлерінің жазғы Азиадада ел қоржынына салған бесінші медалі.
Бүгін Қазақстан қоржыны Азия ойындарының екі қола медалімен толықты.
Ерлер арасында слаломда ескек есуден Александар Куликов қола жүлдені еншілесе, әйелдер арасындағы сында Екатерина Таранцева үшінші болды.
Сондай-ақ, тағы екі қазақстандық спортшы финалға жолдама алды.
Әйелдер күресінен Жәмилә Бақбергенова алтын үшін Қырғызстан өкілі Айпері Медетқызымен күреседі.
Каратэші Қайсар Алпысбай да 60 келі салмақта жартылай финалда жеңіске жетіп, Азия ойындарының финалына шықты.
- Азиадаға алғаш рет қатысқан 16 жастағы Екатерина Таранцева қола жүлде жеңіп алды
- Александр Куликов слаломда ескек есуден Азиаданың қола жүлдегері атанды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039880-galina-duvanova-aziya-oiyndarynyn-kumis-zuldegeri-atandy/