jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Мәриям Сәлімгереева Азия пара ойындарының қола жүлдегері болды

    Мәриям Сәлімгереева
    Мәриям Сәлімгереева. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Мәриям Сәлімгереева Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды. Туризм және спорт министрлігі Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

    Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Мәриям Сәлімгереева Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында паратаэквондодан үшінші орын иеленді.

    Қазақстандық спортшы 65 келі салмақта өнер көрсеткен.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ханчжоуда өтіп жатқан Паразиада ойындарының аясында Қазақстаннан келген спортшылар пара дзюдодан бірінші, екінші орынды иеленген болатын.

    Сондай-ақ Азия пара ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толыққаны туралы жазған едік. Олжас Оразәліұлы пара дзюдодан ақтық сында қарсыласынан басым түсті.

    Осылайша Қытайдағы Ханчжоу қаласында өтіп жатқан екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алған, дәлірек айтсақ, 2 – алтын, 5 – күміс және 4 – қола.

    Мәриям Сәлімгереева Азия пара ойындарының қола жүлдегері болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.