jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан мен Сан-Марино матчын көруге барған Тоқаев мойынорағышын кішкентай балаға берді (видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаев мойынорағышын кішкентай балаға берді
    Қасым-Жомарт Тоқаев мойынорағышын кішкентай балаға берді. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сан-Марино матчынан кейін кішкентай жанкүйерге мойынорағышын берді.

    Айта кетейік, кеше, 17 қарашада Қазақстан өз алаңында Сан-Марино құрамасын қабылдап, 3-1 есебімен жеңіске жетті. Ислам Чесноков дубль авторы атанса, Абат Айымбетов бір гол соқты.

    Отандық футболшыларды қолдау үшін "Астана аренаға" ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, спортшы Ольга Рыпакова, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және басқа да белгілі адамдар келді.

    Президенттің баспасөз қызметі Telegram арнасында жеңістен кейін Тоқаевтың ұлттық құрамаға жанкүйер болуға келген кішкентай балаға мойынорағышын берген сәтінен видео жариялады.

    Қазақстан мен Сан-Марино матчын көруге барған Тоқаев мойынорағышын кішкентай балаға берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.