Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі жаңа орны анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі жарияланды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 6365 ұпаймен төртінші орынын сақтап қалды. Айте кетейік, Рыбакина WTA Finals турнирінің 1/4 ойынында белоруссиялық Арина Соболенкоға есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді.
Испанияда өткен Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған 4 спортшы рейтингте бірнеше сатыға жоғарылады. Теннисші Юлия Путинцева үздік 70 спортшының қатарына енді (69-орын).
Ал Жібек Құлмбаева 495-орыннан, 493-орынға көтерілді (+2). Тағы бір қазақтандық теннисші Гозаль Айнитдинова 618-орыннан, 613-орынға жоғарылады (+5). Севилиядағы Әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен қазақстандық Анна Данилина 817-орыннан, 815-ке қадам басты (+2).
Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер Испанияда өткен Әлем біріншілігінде топтық кезеңнен шыға алмаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2047268-wta-reitingi-zanardy-qazaqstandyq-tennissiler-tizimde-zogarylady/