jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирін жеңген алғашқы қазақстандық теннисші атанды

    Теннисші Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Әйелдер арасында әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өткен турнирде жеңіске жетіп, қазақстандық теннисшілер арасында бірегей жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Рыбакина "Үлкен Дулыға" турнирі мен WTA 250, 500 және 1000 сериясындағы турнирлердің жекелей сынында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші атанды. Спортшы үлкен теннистегі барлық титулдарды жинау үшін Олимпиада жүлдесі ғана жетпей тұр.

    Естеріңізге сала кетейік, Елена WTA 500 Brisbane International финалында әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконы артта қалдырып, 2024 жылғы бірінші жеңісіне жеткен еді.

    Брисбендегі турнирден бөлек ол 2023 жылы Индиан-Уэллс пен Римдегі WTA 1000, 2022 жылы Уимблдонда, 2020 жылы Хобарттағы WTA 250 турнирлерінде жеңіске жетіп және 2019 жылы Бухаресттегі WTA 250 турнирінде сәтті ойнады.

    Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирін жеңген алғашқы қазақстандық теннисші атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.