jitsu gif
Спорт

    Australian Open: қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жартылай финалға шыға алмады

    Әмір Омарханов
    Әмір Омарханов. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    16 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Australian Open Juniors турнирінің жартылай финалына өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әмір Омарханов ширек финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, Нидерланд өкілі Мес Ротгерингпен кездесті. Алғашқы партия 6:2 есебімен Ротгерингтің пайдасына шешілді. Мес екінші сетте де айқын басымдық танытты (0:6).

    Еске салайық, осыған дейін Әмір Омарханов Australian Open Juniors турнирінің ширек финалына өткен алғашқы қазақстандық теннисші атанғанын жазғанбыз.

    Омарханов турнирдің алғашқы айналымында Италия өкілі Федерико Чинаны ұтты. Ал екінші айналымда ұлыбританиялық теннисші Виктор Фридрихті жеңген еді. Кейін қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін Оңтүстік Корея өкілі Чанджун Киммен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.

    Әмір Омарханов — Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Ол қазір жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 27-орында тұр.

    Australian Open: қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жартылай финалға шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.