Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакинаның матчы Australian Open турнирінің үздік ойыны деп танылды

Опубликовано:

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен Ресей өкілі Анна Блинкованың Aустралия ашық чемпионатындағы кездесуі Australian Open Awards 2024 тізіміне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Australian Open турнирінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымында Елена Рыбакина әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік теннисші Анна Блинковамен шеберлік байқасып, 6:4, 4:6, 7:6 (22:20) есебімен жеңіліп қалған еді. Бұл ойын Australian Open Awards тізіміне үздік матч ретінде енді.

"Брисбен чемпионы Елена Рыбакина екінші раундта әлемнің 57-ракеткасы Анна Блинковамен кездескенде қиындыққа тап болатынын ешкім күтпеді. Бірақ ол шабыттанған қарсыласынан үшінші партияда 4-2 есебімен жеңілгеннен кейін қалпына келуге мәжбүр болды. Одан кейінгі тай-брейк матчы ең керемет көрініс дер едік. "Бұл керемет болды, біз көрген ең қызық супер тай-брейтердің бірі", – деді кейінірек Новак Джокович. Матч қорытындысы бойынша, Блинкова жеңді. Оның айтуынша, бұл оның өміріндегі ең керемет күн", – делінген Australian Open турнирінің ресми сайтында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 3-11 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтетін WTA 500 турниріне қатысады.

Қазір қазақстандық теннисші Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде 5-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2058174-elena-rybakinanyn-matcy-australian-open-turnirinin-uzdik-oiyny-dep-tanyldy/

pixel