jitsu gif
Спорт

    Теннисші Әмір Омарханов әлемдік рейтингте 11 сатыға жоғарылады

    Әмір Омарханов
    Әмір Омарханов. Фото: ktf.kz

    Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингті жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ITF ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жаңарған рейтингте қазақстандық теннисші Әмір Омарханов 11 cатыға жоғарылап, 16-орынға жайғасты. Оның активінде 1255 ұпай бар.

    Рейтингте Аустрия өкілі Джоел Шварцлер көш бастап тұрса, екінші орынға бразилиялық теннисші Жоао Фонсека табан тіреді, ал үздік үштікті жапониялық спортшы Рей Сакамато түйіндеген.

    Айта кетейік, Әмір Омарханов Australian Open Juniors турнирінің ширек финалына өткен алғашқы қазақстандық теннисші атанды. Бірақ ол жарыстың жартылай финалына шыға алмады. Әмір ширек финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, Нидерланд өкілі Мес Ротгерингпен кездесіп, жеңіліп қалған еді.

    Теннисші Әмір Омарханов әлемдік рейтингте 11 сатыға жоғарылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.