Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

82 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен қазақтың тұңғыш ММА чемпионы: Хабиб менен жеңілетін еді

Опубликовано:

Дәнеш Дүнгенбай
Дәнеш Дүнгенбай. Фото: instagram/ddv_team777

82 кездесу өткізіп, жеңіліп көрмеген қазақтан шыққан тұңғыш аралас жекпе-жек чемпионы Дәнеш Дүнгенбаев дағыстандық файтерлер жайлы пікірін білдірді. KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында кезінде Хабиб Нурмагомедовты жеңіп кетер едім дейді.

Дәнеш Дүнгенбаев – қазақтан шыққан тұңғыш аралас жекпе-жек чемпионы. 1996-2005 жыл­дар аралы­ғын­да ММА-дан әлем, Еур­а­зия және ел чем­пионаттарында топ жарған. Қазір Азат Мақсұм және Бекзат Алмахан сияқты файтерлердің бапкері.

"Менің ойымша, Дағыстанның күрес және аралас жекпе-жек спорты күшті дамыған. Әлемдегі ең үздік нәтиженің барлығын осы елдің спортшылары көрсетіп жүр. Хабиб Нурмагомедов сияқты файтерлерді айтсақ болады. Ислам Махачев та осы тізімде. Одан басқа білекті жігіттер көп. Жалпы Нурмагомедовтар командасы бар.

Менің кезімде Хабиб Нурмагомедов (29-0) жұдырықтаспады, әйтпесе оның рекордында менен бір жеңілісі болатын еді. Қалжыңдап айтқаным ғой, әрине. Десе де оларға төтеп бере алатын қазақтар ғана де ойлаймын", – деді Дәнеш Дүнгенбаев.

Дәнеш Дүнгенбаев шәкірті Бекзат Алмаханның UFC-дегі алғашқы кездесуі туралы пікір білдірді. KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында Бекзаттың Умар Нурмагомедовке шамасы жететінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2060750-82-zekpe-zektin-barinde-zeniske-zetken-qazaqtyn-tungys-mma-cempiony-xabib-menen-zeniletin-edi/

pixel