Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) Геннадий Головкинді Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ WBA ұйымының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинді Қазақстан олимпиада комитетінің президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз", – делінген WBA ұйымының Instagram-дағы жазбасында.
Еске салайық, кеше 26 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Сол отырыста Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Бас Ассамблея мүшелері оның кандидатурасын бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.
Кейін Головкин жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ ол Instagram желісінде жазба жариялап, спортсүйер қауымға алғыс айтты.
ҰОК Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша атқару комитеті мен тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2063174-bukilalemdik-boks-associaciyasy-golovkindi-zana-qyzmetke-sailanuymen-quttyqtady/